
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 5 тамызында, сағат 15:00-де өтетінін хабарлаймыз. Тұрғындармен кездесу Кентау қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде өтеді. Сонымен қатар облыс басшысының жеке қабылдауы сағат 16:00-де Кентау қаласы қалалық маслихаттың ғимаратында өтеді.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 3 тамызға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекеме өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1262052?lang=ru

Жауап қалдыру