Құрметті ұлттық қауіпсіздік саласының қызметкерлері және ардагерлері!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді 13 шілде – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық қауіпсіздік органдары – еліміздің егемендігін, конституциялық құрылысын, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында айрықша жауапкершілік атқаратын маңызды мемлекеттік құрылымдардың бірі.
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, қырағылықтарыңыз бен ел мүддесіне адал қызмет етулеріңіз – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің берік негізі. Қандай да бір сын-қатерлерге қарамастан, Отан алдындағы антқа адал болып, бейбіт өмірімізді қорғау жолындағы еңбектеріңіз зор құрметке лайық.
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай жетістіктер тілеймін!
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау жолындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Ұлттық қауіпсіздік органдары күні құтты болсын!
Құрметпен, Шардара ауданының әкімі
Қарсыбаев Арман Романұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1262136?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді