«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» бағдарламасы аясында рейдтік іс шаралар ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында мобильді топ құрылды. Мобильді топтың қатысуымен саябақтарда, скверлерде, жағалау аймақтарында, демалыс орындарында, сондай-ақ халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Аралау барысында, тазалық қағидаларын бұзудың
2- фактісі тіркелді.
Атап айтқанда, рейдтік іс-шара барысында қоғамдық орында, демалыс аумақтарында, саябақтарда, базар аумақтарында анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша бір тұлғаға қатысты айыппұл әкімшілік хаттама, ал 505-бабы бойынша бір тұлғаға қатысты ескерту әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушыларға жалпы
20-АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылып, тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1262167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді