Минск, 2026 жылғы 22 шілде – Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықовтың «Беллегпром» концернінің төрағасы Надежда Лазаревичпен жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар шикізатты қайта өңдеу, тауар номенклатурасын кеңейту, сондай-ақ өндірістерді оқшаулау мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, жеңіл өнеркәсіп саласындағы кооперацияны тереңдетудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Т.Жақсылықов қазақ тарапы Беларусьпен өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Ол белорус әріптестерін қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің қарқынды өсуі туралы хабардар етті: 2025 жылы өндіріс көлемі 22,6% – ға өсіп, 259,5 млрд теңгеге (~$552,1 млн) жетті.
Бұл сала Қазақстанда 1,4 мыңнан астам кәсіпорынды біріктіреді және 18 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді. Саладағы компаниялардың жартысынан көбін киім шығаратын кәсіпорындар алады.
Өз кезегінде Н.Лазаревич Беларусь Қазақстанды сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын, өзара сауданың оң динамикасы осының дәлелі болып табылатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстанға 8,3 млн АҚШ доллары сомасына жеңіл өнеркәсіп тауарлары экспортталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растап, нақты бірлескен жобаларды пысықтау үшін байланыстарды жалғастыру туралы уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1262172?lang=ru

Жауап қалдыру