ШАРДАРА АУДАНЫНДА МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Шардара ауданында білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу барысына облыстық мониторингтік топтың қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг барысында топ мүшелері мектептерді аралап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу деңгейімен, мердігер мекемелердің жұмыс қарқынымен танысып, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына жан-жақты бағалау жасады.
Облыстық мониторингтік топтың құрамында
Бейсенбай Тасболатұлы Төребеков – Шардара ауданы әкімінің орынбасары, Бөртебаев Әзіретәлі Өрісбайұлы Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы,
Бижігіт Ерболұлы Бәкір Шардара аудандық білім бөлімінің материалдық-құндылықтар секторының меңгерушісі,
Жанболат Сексенбаевич Байболов білім басқармасы орталықтандырылған бухгалтериясының бас есепшісінің орынбасары.
Мониторинг барысында құрылыс сапасы, жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталуы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері кеңінен қаралды. Әрбір нысанда атқарылып жатқан жұмыстарға тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
2025 жылы «Жаңғырту» бағдарламасы аясында Шардара ауданындағы 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның бір нысаны пайдалануға берілсе, үш мектептің құрылысы 2026 жылға өтпелі жоба ретінде жалғасуда.
Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары
С. Кәттебеков атындағы,
Ш. Уәлиханов атындағы және Достық жалпы білім беретін мектептерінде жүзеге асырылуда.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1262122?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді