
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарына жұмыс сапарымен барып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарымен танысты.
Сапар барысында Басқарма басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлының төрағалығымен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлының қатысуымен жиын өткізіліп, әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру, азаматтарды медициналық тексеруден өткізу, шақыру жұмыстарының сапасын арттыру және осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Басқарма басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлы Тұрар Рысқұлов ауданына барған жұмыс сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Ғабдоллаұлымен бірге әскери нысандар мен әскерге шақыру пункттерінің жұмысы зерделенді. Басқарма басшысы пункттердің материалдық-техникалық жағдайын, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін және шақыру жұмыстарын ұйымдастыру деңгейін тексерді.
Сапар қорытындысы бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру, әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараларды күшейту және белгіленген міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1262083?lang=ru

Жауап қалдыру