Жоспарлы тексеріс қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Бекітілген жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Жаңа-Есіл Феникс» ЖШС-нің қауіпті өндірістік нысандарына жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру шаралары аясында мамандар қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды, жүк көтергіш тетіктерді және кәсіпорынның компрессорлық станциясын қарап шықты. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бағалау және өндірістік нысандарда авариялық жағдайлардың туындауына жол бермеу.

      Нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Аталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіпорынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар рәсімделді.

       Тексеріс  қорытындысы бойынша серіктестік өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кездесуде анықталған бұзушылықтар талқыланып, оларды жою мерзімдері айқындалды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1262032?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді