Шахтинск қаласында «Қызмет алушылар күні» және «Тегін заңгерлік кеңестер. Құқықтық сауаттылық» республикалық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы бойынша 2026 жылғы 22 шілдеде Шахтинск қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында «Қызмет алушылар күні», сондай-ақ «Сарыарқа» заң консультанттарының құқықтық орталығы» ҚБ мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп «Тегін заңгерлік кеңестер. Құқықтық сауаттылық» республикалық акциясын өткізді.

Қала тұрғындары мамандарға сұрақтарын тікелей қоя алды. Мемлекеттік қызметшілер азаматтарға жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, кәсіпкерлік, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес берді. «Отбасы банкінің» маманы баспанаға мұқтаж жандарға қалай тіркелу және кезектің мәртебесін тексеру жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Заңгер-сарапшылар еңбек, отбасы және мұрагерлік құқықтың қыр-сырын түсінуге тегін көмектесті.

Бұл күні барлығы 24 адамға білікті көмек көрсетілді.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-shahtinsk/press/news/details/1262024?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді