ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституция – еліміздің ең басты заңы, тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің іргетасы. Ол мемлекет пен қоғамның дамуының негізгі қағидаттарын айқындап, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.

Конституциялық реформалар елімізде демократиялық қағидаттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Бұл өзгерістер мемлекеттік институттардың ашықтығын арттырып, халық пен билік арасындағы өзара сенімді күшейтуге ықпал етеді.
Әрбір азамат Конституцияда белгіленген құқықтарын білуімен қатар, заң алдында өз міндеттері мен жауапкершілігін де сезінуі қажет. Заңды құрметтеу – қоғамдық тәртіптің, тұрақтылықтың және қауіпсіздіктің басты кепілі.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Конституция қағидаттарын сақтау арқылы біз әділетті, қауіпсіз және өркендеген қоғам құруға өз үлесімізді қосамыз.#Конституция #ЖаңаКонституция

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-batyk/press/news/details/1261953?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді