9 сәуірде № 7 ЖББМ базасында проректор А. Калыков бастаған А. Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті өкілдерінің Шахтинск қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып түлектерімен кездесу – кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында 9 сәуірде № 7 ЖББМ базасында проректор А. Калыков бастаған А. Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті өкілдерінің Шахтинск қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып түлектерімен кездесу – кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Кездесу барысында А. Калыков университеттің қызметі туралы: материалдық база, негізгі мамандықтар, түсу шарттары, грант алу шарттары, ғылыми-зерттеу жұмысы, халықаралық ынтымақтастық туралы айтып берді, сондай-ақ оқушылардың барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.

Университеттің белсенді студенттері студенттік өмір туралы айтып, қызықты байқаулар өткізді.
Соңында қонақтар «Кеншілер даңқы» мектебінің мұражайына барды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/976107?lang=kk