«Ел қорғаған бабалар» еске алу кеші

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алмалы ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті биі, ел бірлігі мен әділдіктің жаршысы Жәлменде би Байшығашұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Ел қорғаған бабалар» атты тақырыпта еске алу кеші өтті. Кеш барысында кітапханашы Жәлменде би Байшығашұлының өмір жолы, ел басқарудағы даналығы, әділ билігі және туған өлкесінің тарихындағы орны туралы мазмұнды баяндама жасады. Би тұлғасына қатысты тарихи деректер мен ел аузында сақталған тағылымды әңгімелер айтылып, оның халық бірлігі мен татулығын сақтаудағы еңбегі кеңінен таныстырылды.
Шара аясында «Ел есінде – Жәлменде би” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапхана қорынан кітаптар мен естелік суреттерге шолу жасалды. Шара барысында күй шертіліп, туған жер туралы әндер айтылып, тарихи тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін видио көрсетілді. Қатысушылар және бабаның тікелей ұрпағы Мұса Дулат өз пікірлерімен бөлісіп, тарихи тұлғаның өнегелі өмірінен тағылым алды.

Еске алу кеші ұлттық құндылықтарды дәріптеп, туған өлкенің тарихын тереңірек тануға бағытталған мазмұнды мәдени-танымдық шара ретінде өз мақсатына жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1261926?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді