
ҚАЖ қызметкері бокстан республикалық турнирдің жүлдегері атанды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен өткен қызметкерлер арасындағы республикалық бокс турнирінде Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері, әділет кіші сержанты Камелхан Жәбірейіл жүлделі ІІ орынды иеленді.
80 келі салмақ дәрежесінде өткен тартысты бәсекеде ол жоғары спорттық шеберлігі мен жан-жақты дайындығын көрсетіп, жеңіске деген жігері мен қайсарлығын дәлелдей білді.
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің спорттағы жетістіктері – олардың кәсіби даярлығының, тәртіптілігі мен салауатты өмір салтын ұстануының айқын көрінісі.
Әріптесіміз Камелхан Жәбірейілді жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған мықты денсаулық, толағай табыс, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1262196?lang=kk

Жауап қалдыру