«АРҚА ЖҮЙРІГІ – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БӘЙГЕСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 шілдеде Өспен ауылында ұлттық ат спортының дамуына үлес қосып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттаған «Арқа жүйрігі – 2026» республикалық бәйгесі жоғары деңгейде өтті.
Қарағанды облысының Бәйге федерациясының қолдауымен және ауыл жанашырларының демеушілігімен ұйымдастырылған дүбірлі додада Қарағанды мен Ұлытау облыстарынан келген сәйгүліктер бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша «Арқа Алтын тай» бәйгесінде Бидайық ауылының «Оқжетпес» атты тайы, «Арқа Алтын құнан» бәйгесінде Ақтоғайдың «Айханым» атты құнаны, Топ бәйгеде Бидайықтың «Ариелка» есімді жүйрігі, ал «Арқа Алтын тұлпар» бәйгесінде Тоғызқұдық ауылының «Көкшоқай» атты тұлпары топ жарып, бас жүлдеге тігілген 3 автокөлік пен бағалы жүлделерді иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1261679?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді