
Ұлытау облысы бойынша мүгедектігі бар адамдар саны 11 086 адамды құрайды немесе облыс халқының жалпы санының 5.06 %-ы (218 993 адам).
Оның ішінде ересек тұрғындар – 9 990 адам, бұл мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 90,1 %-ын құрайды:
1 топ – 1 025 адам (10.2 %);
2 топ – 3 733 адам (37.4 %);
3 топ – 5 232 адам (52,4 %).
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1096 немесе мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 9.9 %-ы құрайды.
2026 жылдың 6 айында алғаш рет 275 адам мүгедек деп танылды, оның ішінде 83-і – балалар.
Нозологиялық нысандар бойынша ересек тұрғындар арасындағы бастапқы мүгедектік себептерін талдау мүгедектікке әкелетін негізгі аурулардың:
І орында – қан айналымы жүйесінің аурулары – 52 адам (2025 ж. – 49);
ІІ орында – қатерлі ісіктер – 39 адам (2025 ж. –39 );
ІІІ орында – кәсіптік аурулар – 35 адам (2025 ж. –40 ) екенін көрсетті.
Балалар арасындағы мүгедектікке жүргізілген талдау бастапқы танылғандар арасында мүгедектікке әкелетін негізгі аурулардың:
І орында – психикалық аурулар мен аутизм – 50 бала (2025 ж. –30 );
ІІ орында –– эндокриндік аурулар 8 бала (2025 ж. – 7);
ІІІ орында – туа біткен даму ақаулары– 7 бала (2025 ж. –16 )екенін көрсетті.
Балалар арасындағы бастапқы мүгедектік құрылымында психикалық аурулар мен аутизмнің өсуі байқалады.
Сырттай-проактивті форматында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу
Куәландыру және қайта куәландыру сырттай және сырттай-проактивті форматта жүргізіледі.
Көзбе-көз куәландыру кезінде мүгедектігі бар адамның қатысуымен Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде жүргізіледі.
Ал сырттай форматтағы медициналық-әлеуметтік сараптама кезінде өтініш берушіге тек тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, қажетті тексеруден өту жеткілікті.
Құжаттарды жолдаудан бастап сараптамалық шешім шығаруға дейінгі барлық келесі кезеңдер азаматтың жеке қатысуынсыз, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау есебінен жүзеге асырылады. №031/у нысанындағы медициналық құжаттар медициналық ұйымдардан МӘС бөлімшелеріне электрондық түрде жіберіледі.
Сырттай куәландыруға көшу:
– әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
– МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
– мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларын анықтау қызметтерін үйден шықпай алуға мүмкіндік береді;
– көрсетілетін қызметті алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
2026 жылдың 6 айында Ұлытау облысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама аясында сырттай форматта мүгедектікті белгілеу бойынша 593 өтінім қаралды, бұл облыс бойынша куәландырудан өткен адамдардың жалпы санының 34 %-ын құрайды.
Сырттай проактивті куәландыру бірқатар нозологиялық нысандар бойынша қолданылады, оның ішінде онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, психикалық аурулар, балалардағы қант диабеті, балалардағы мукополисахаридоз, сондай-ақ ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі жағдайлар бар.
2025 жылы сырттай куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесі едәуір кеңейтілді. Оған шынайы гидроцефалия, бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы мен терең парездері сияқты аурулар енгізілді.
Осылайша, бүгінгі күні сырттай форматтағы куәландыру 15-тен астам нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1262203?lang=ru

Жауап қалдыру