
Мектеп – білім бесігі
Ел экономикасының дамуына айрықша үлес қосатын – білім саласы. Осы саланың қарыштап дамуы арқылы өзге салалардың алдыға ілгерілеуге мүмкіндігі болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы халыққа арналған Жолдауында: «Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқарады. Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр» деп білім беру саласында жасалынуға тиіс шаруаларды нақты атап өтті.
Қаратөбе ауданында да білім беру саласының дамуына баса мән беріліп келеді. Жас ұрпаққа білім беру саласында жасалған жұмыстар жетіп артылады. Солардың бір парасын тарқартып өтсек.
Қаратөбе ауданының білім беру бөліміне қарасты 29 мекеме бар. Оның 18 мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымдары, 8 балабақша ( 7 мемлекеттік, 1 жеке) жұмыс атқарады.
2583 оқушы контингентімен 19 жалпы орта білім беретін мектеп қызмет жасайды. Оның ішінде 13 орта білім беретін мектепте – 2341оқушы, 5 негізгі орта мектепте – 236 оқушы білім алады.
Қаратөбе ауданының білім беру саласында 651 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары білімдісі 537 (82,4 %), арнайы білімдісі 114 (17,5 %). Біліктілік санаты бойынша педагог-зерттеуші – 97 (29,18 %), педагог-сарапшы – 156 (23,9 %), педагог-модератор – 217 (33,3% ), педагог – 203 (31,18 %). Сапалық құрам-39%. Білім беру ұйымдарының басшы санаты бойынша І біліктілік санат-1, басшы ІІ біліктілік санат-2, басшы ІІІ біліктілік санат – 17. Білім беру ұйымдарының мектеп директоры орынбасарлары санаты бойынша ІІ біліктілік санаты – 3. ІІІ біліктілік санаты – 26.
Оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлкеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің ишамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалрға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес оқушыларды ыстық тамақпен қамту жүзеге асырылуда. 2024-2025 оқу жылында ауданымызда ыстық тамақпен барлығы 1246 оқушы 48,4% , оның ішінде 1026 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сынып білім алушыларының жекелеген санаттары бойынша 220 оқушы 14,2% қамтылуда.
Ыстық тамақты жеткізуші арқылы мектептер ұйымдастырады. Ыстық тамақты ұйымдастыру үшін жылына бір рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары» негізінде конкурс ұйымдастырылып, тамақты тасымалдаушы анықталады.
Интернет желісі бойынша
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесу барысындағы Қазақстандағы қызметін кеңейту жөніндегі жоспары, атап айтқанда, еліміздің шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жобасы негізінде 2024 жылдың маусым айында Қаратөбе ауданында 6 мектепке(Аққозы МББК, Жақсыбай НОМ, Б.Аманшин ат. МБК, Төлен НОМ, Алакөл НОМ, Шалғын НОМ) 150 Мб/с Starlink спутниктік интернеті қондырылып, жергілікті желі жүйесімен қамтамасыз етілді.
12 мектеп (Соналы ЖОББМ, Б.Қаратаев та.ЖОББМ, Мұхит ат.жоббм, Егіндікөл ЖОББМ, Қоскөл ЖОББМ, Қалдығайты ЖОББМ, Қ.Жұмалиев ат.Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Жамбыл МББК, Ханкөл ЖОББМ, Шөптікөл МББК, Қаракөл МББК, Үшағаш НОМ) 2018 жылдың 4 қазанында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы «волоконды-оптикалық байланыс жүйесінің технологиясы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды елді мекендерін кең жолақты интертенпен қамтамасыз ету туралы» жобасы негізінде 10 Мб/с жылдамдықпен қамтылған.
Орта білім біру ұйымдары BilimLand, BilimCenter, OnlineMektep цифрлы білім беру жүйесімен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтары үшін BilimKids платформасымен қамтылған. Аудан бойынша Bilimcenter.kz платформасы арқылы 18 мектептен 250 мұғалім курстан өтіп, функционалдық сауаттылық бойынша сертификат алды. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп алды сыныпқа балаларды қабылдау Smartnation платформасы арқылы автоматтандырылған.
Заманауи пәндік кабинеттер
2024 жылы 156 577,3 мың теңгеге физика, химия, биология, STEM лаборатория кабинеттерімен 3 мектеп барлығы 12 кабинетпен жабдықталды, сондай-ақ, кабинеттерге мұғалім үстелі, кресло, оқушыларға арналған парта мен орындықтар, шкафтар, кітапханаға стеллаждар сатып алынды. Төрт мектептің асханасын жаңарту мақсатында үстелдер мен орындықтар сатып алынды. Қ.Жұмалиев атындағы гимназия, Шөптікөл мектептеріне СКУД жүйесі орнатылды. Аққозы МББК-не ойын жабдықтары, шкафтар, асхана үстелдері, құралдары сатып алынды. Балдырған бөбекжайы, Аққозы мектептеріне бу қазандығы, Б.Қаратаев, Аққозы мектебіне жылыту қазандығы, мектептерге тоңазытқыз, мұздатқыш тағыда басқа заттар сатып алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/976156?lang=kk

Жауап қалдыру