ЕРЕЖЕ
Денисов ауылдық округінің «Үздік аула» атағына конкурс туралы
1.Жалпы ережелер.
«Үздік аула» атағына конкурс «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы шеңберінде өткізіледі және қоршаған ортаға жауапты және ұқыпты қараудың орнықты экологиялық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Байқаудың мақсаты – Денисов ауылдық округінің барлық тұрғындарын елді мекендерді абаттандыруға тарту, туған жердің сұлулығы мен тазалығын сақтау бойынша жауапкершілік, өскелең ұрпақтың өз отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеу болып табылады.
Конкурстың міндеттері – аула аумақтарының тазалығын, тәртібін және эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз ету, тұрғындарды аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарына белсенді тарту, тұрғындарды аула аумақтарын абаттандыруға белсенді қатысқаны үшін ынталандыру және Денисов ауылдық округінің Денисовка, Некрасовка және Гришенка ауылдарының эстетикалық тартымды келбетін жасау болып табылады
Конкурсты өткізу мерзімі: ағымдағы жылдың 23 шілдесінен 18 тамызына дейін.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді ауылдық округтің тұрғындары электрондық пошта – denakimat@mail.ru немесе ватсап нөміріне 8 701 85 65 655 (конкурстық комиссияның хатшысына) 10 тамызға дейін ұсынады. Өтінім осы ереженің № 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ өтінім берілген объектінің саны кемінде 5 дана фотосуреті бойынша беріледі.
Конкурс туралы ереже Денисов ауылдық округі әкімі аппаратының ресми ақпараттық интернет-ресурсында орналастырылады.
2.Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары.
Байқауға жеке және заңды тұлғалар, жеке және көппәтерлі үйлердің тұрғындары, кез келген меншік нысанындағы ұйымдар қатыса алады.
Бағалау критерийлері: ауланың жалпы санитарлық жай-күйі (ақтау, сырлау), гүлзарлардың болуы, оларды күту, гүлзарларды көркемдік-эстетикалық безендіру, жасыл желектердің жай-күйі, ғимараттардың қасбеттерінде бояулы инсталляциялар жасау, аумақты абаттандыруға тартылған адамдардың саны, тұрғындардың жеке үлесі, аула аумағын күтіп ұстау жүйелілігі.
Конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылады: конкурстық комиссияның төрағасы, конкурстық комиссияның хатшысы және мүшелері
Конкурс 3 кезеңде өткізіледі:
– 1 кезең 23 шілдеден 10 тамызға дейін – өтінімдерді қабылдау;
– 2 кезең 11 тамыздан 13 тамызға дейін- конкурстық комиссияның жұмысы, өтініш берушілердің аралауы;
– 3 кезең 14 тамыздан 18 тамызға дейін – байқауға қатысушылардың жеңімпаздарын анықтау.
Конкурс қорытындылары туралы ақпарат Денисов ауылдық округі әкімі аппаратының ресми ақпараттық интернет-ресурсында орналастырылады.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты іс-шарада өткізілетін күні, уақыты және орны туралы Жеңімпаздар қосымша хабардар етіледі.
1-қосымша
ӨТІНІМ
конкурсқа қатысуға
«Үздік аула»
|
|
Қатысушының (отбасының/тұрғындар тобының) Т.А.Ә |
|
|
|
Ресімделген аумақтың мекенжайы |
|
|
|
Байланыс телефоны, электрондық поштасы (бар болса) |
Телефон: ______________________ E-mail: ______________________ |
|
|
Ауланы ресімдеудің қысқаша сипаттамасы: (негізгі идея, элементтер, материалдар) |
|
|
|
Ресімдеуді орындаушылар (отбасы, көршілер, ұжым және т.б.) |
|
Өтінім берілген күн: 2026 жылғы «___» __________
Қолы: ___________________/ _________________/
(Т.А.Ә.) (Ф.И.О.)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-denisov/press/news/details/1262265?lang=ru

Жауап қалдыру