
Васильевка ауылдық округіне жұмыс сапары аясында Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Ұлан ауылының жалпы білім беретін мектебінде болып, оқу үдерісімен және оқу орны жанындағы шағын орталықтың қызметімен танысты.
Сапар барысында аудан әкімі оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысып, оқу кабинеттерін, мектептің техникалық жабдықталуын, сондай-ақ спорт залының жай-күйін тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша спорт залындағы терезелер қанағаттанарлықсыз күйде екендігі және ауыстыруды қажет ететіндігі атап өтілді.
Сапар қорытындысы бойынша Ұлан ауылындағы мектепте оқу жағдайларын одан әрі жақсартуға, оның ішінде спорт залындағы терезелерді ауыстыру мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/976175?lang=kk

Жауап қалдыру