Қазақстанда мемлекеттік әуежайларды цифрландыру және биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы мен SITA компаниясы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік әуежайларға SITA компаниясы жүргізген аудит қорытындыларын талқылау және азаматтық авиация саласын кешенді цифрландыру бойынша алдағы стратегиялық қадамдарды айқындау болды.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен SITA компаниясы еліміздегі 14 мемлекеттік әуежайға аудит жүргізуді аяқтады. Бағалау нәтижесіне сәйкес, әуежайлардың басым бөлігінде жолаушыларға қызмет көрсету және багажды өңдеудің негізгі жүйелерімен жарақтандыру деңгейі жеткіліксіз болып отыр (орташа көрсеткіш – 38%). Соның салдарынан көптеген технологиялық үдерістер әлі де қолмен орындалады.

Кездесу барысында еліміздің әуежайларын озық цифрлық жүйелермен жабдықтау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жолаушыларды тіркеу, багажды өңдеу және есепке алу процестерін автоматтандыру, жолаушылар ағынын басқару, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, ұшу алдындағы рәсімдерден өту уақытын қысқарту және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында заманауи биометриялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесуде Астана қаласында әуежайлардың цифрлық жүйелерін орталықтандырылған басқару орталығын құруға ерекше назар аударылды. Бұл орталық негізгі процестерді нақты уақыт режимінде мониторингтеуді, үйлестіруді және жедел басқаруды қамтамасыз етеді.

Талқылаудың жеке бағыты ретінде SITA компанияcының Қазақстанда салынып жатқан үш әуежайды – Зайсан, Кендірлі және Катонқарағайдағы әуежайларды – заманауи цифрлық шешімдермен жабдықтауға қатысу мәселесі қарастырылды. Тараптар аталған әуежайларда халықаралық стандарттарға сәйкес жолаушыларды тіркеу, багажды өңдеу, жолаушылар ағынын басқару, биометриялық сәйкестендіру жүйелері мен басқа да цифрлық сервистерді қамтитын кешенді технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндігін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның авиация саласын цифрландыруға, авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру және өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

 

 

SITA – авиация саласына арналған цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша әлемдік жетекші компаниялардың бірі болып табылатын жаһандық IT-компания.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1262331?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді