Алға қаласының 65 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мерекелік кеш қала тұрғындары мен қонақтарының басын бір алаңда қосып, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.

Кеш барысында өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылып, әсем әндер мен әсерлі шығармалар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік сахнада жергілікті өнерпаздармен қатар, Қазақстан эстрадасының танымал әншісі Әділет Жауғашар өзінің хит әндерін орындап, кештің көркін аша түсті.

Туған қаланың өткені мен бүгіні сабақтасқан, бірлік пен береке дәріптелген бұл мереке көпшіліктің жадында ерекше сақталары хақ.

Тарихы терең, болашағы жарқын Алға қаласы – мәңгі жасай бер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1262347?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді