КӨҢІЛ АЙТУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауыл шаруашылығы саласының ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазығұрт, Келес және Сарыағаш аудандарының Құрметті азаматы Өмірзақ Өтенұлының дүниеден озуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына, барша ағайын-еліне қайғырып көңіл айтамын.
Өмірзақ Өтенұлы бүкіл саналы ғұмыры туған жердің өсіп-өркендеуіне, ауыл шаруашылығы саласының дамуына, елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына арналды. Ол қай қызметте жүрсе де адалдық пен әділдікті ту етіп, қарапайымдылығымен, кемеңгерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және елге деген шынайы жанашырлығымен көпшіліктің құрметіне бөленді.
Жауапты мемлекеттік қызметтерде еңбек етіп, ел игілігі жолында аянбай тер төкті. Халықтың сеніміне ие болып, өңірдің өркендеуіне, қоғамдық келісімнің нығаюына, ауыл азаматтарының бірлігі мен ынтымағына өлшеусіз үлес қосты. Саналы ғұмырында тәрбиелеген ұрпағы мен соңында қалдырған өнегелі істері – елге қалдырған асыл мұрасы.
Өмірзақ Өтенұлының жарқын бейнесі, адамгершілік болмысы, елге сіңірген еселі еңбегі мен азаматтық келбеті халық жадында мәңгі сақталады. Оның өмір жолы туған жерге адал қызмет етудің, қарапайымдық пен парасаттың жарқын үлгісі болып қала береді.
Бұл қаза Өтеновтер әулеті үшін тіптен ауыр болды. Жуырда ғана Келес ауданының орталығы Абай ауылы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, елге сыйлы азамат Мұхамеджан Өтеновтің дүниеден озуы барша жұрттың қабырғасын қайыстырған еді. Араға көп уақыт салмай ардақты әке – Өмірзақ Өтенұлынан айырылу әулет үшін орны толмас ауыр қайғы болды. Қос қазаға қабырғасы қайысқан отбасының қайғысына ортақтасып, Алла Тағаладан оларға сабыр мен төзім тілеймін.
Алла Тағала Өмірзақ Өтенұлы мен Мұхамеджан Өтеновтің имандарын саламат етіп, жандарын жәннаттан, жатқан жерлерін жайлы, топырақтарын торқа етсін. Артында қалған отбасы мен туған-туыстарына, құда-жекжаттарына, ағайын-бауырларына қайрат пен сабыр берсін.
Жәнібек АҒЫБАЕВ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1262346?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді