
Жылжымалы нысана көздеуден Эстония астанасы Таллинде өтіп жатқан әлем чемпионатында қоржынымызға жүлде түсті.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ атудан жеке сайыста Фатима Ирназарова топ жарса, Зухра Ирназарова қола жүлдеге ие болды.
Фатима Ирназарова финалдық бәсекеде Украина спортшысы Виктория Рыбоваловадан 6:2 есебімен басым түссе, қола жүлде үшін таласта Зухра Ирназарова Мажарстан өкілі Бианка Барбара Фаркасн Кецелиді 6:4 есебімен жеңді.
Айта кететін жайт, іріктеу кезеңінде Зухра Ирназарова 573 ұпай жинап, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.
20-26 шілде аралығында жалғасып жатқан жаһандық додада 17 елден 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1262534?lang=ru

Жауап қалдыру