
Медициналық туризмді дамыту мәселелері бойынша Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының президенті, «АльфаМедГрупп» ЖШС директоры Кривец Кристина Сергеевнаның, Қауымдастық мүшесі әрі «АльфаМедГрупп» ЖШС серіктесі Жанбосынов Асхат Оналбайұлының, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс кеңесін өткіздік.
Отандық медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және медициналық қызметтер экспортын ұлғайтуға бағытталған шараларды талқыладық.
Медициналық туризмді дамыту – бұл пациенттердің сапалы медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етіп қана қоймай, ел экономикасының дамуына да елеулі үлес қосатын маңызды бағыт. Басқа өңірлер мен шетелдерден пациенттерді тарту медициналық ұйымдардың кірісін арттыруға, қонақүй бизнесінің, көлік және қызмет көрсету салаларының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына әрі инвестиция тартуға ықпал етеді.
Кеңес қорытындысы бойынша осы перспективалы бағытты одан әрі дамытуға және саланың экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған алдағы іс-қимылдар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/news/details/1262577?lang=ru

Жауап қалдыру