Петропавлда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20–24 шілде аралығында Петропавл қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Еліміздің ең үздік жас балуандары Қазақстан чемпионы атағы үшін өзара мықтыны анықтауда.

Петропавл төріне Қазақстанның 20 өңірінен 350-ден астам спортшы жиналып, өз шеберлігі, қайсарлығы мен жеңіске деген жігерін көрсетуде.

Чемпионат аясында ерлер мен әйелдер арасында 17 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады. Сонымен қатар ерлер арасында абсолюттік «Түйе балуан» санатында да белдесулер өтеді.

Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 65 кг, 70 кг, 77 кг және +77 кг, ал ерлер арасында 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Әділет Мурзаш аса ауыр салмақта (+100 кг) чемпион атанып, алтын медаль иеленді.

Қазақ күресі – ұлттық мұрамыздың ажырамас бөлігі. Ол жастарды күш-жігерге, бірлікке, отансүйгіштікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.

Барлық қатысушыларға сәтті белдесулер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1262588?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді