Кішкенекөл ауылындағы ішкі көшелерге жол жөндеу жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кішкенекөл ауылындағы ішкі көшелерге жол жөндеу жұмыстары.

Кішкенекөл ауылдық округінде жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ауылішілік көшелерге жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі Амангелді Төлегенұлы Қойшыбаев жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс барысында жөндеу жүргізілген учаскелер араланып, атқарылған жұмыстардың сапасы мен алдағы кезеңдері талқыланды.Бижанов көшесінде ұзындығы 1,1 шақырым, Сыздықов көшесінде 0,7 шақырым жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауылдағы қиыршық тас жолдарға профильдеу жұмыстары жүргізілді.Алдағы уақытта С. Мұқанов, Н. Балтабаев және Н. Жүнісов көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстары жоспарланған.Жөндеу жұмыстары ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып жүзеге асырылуда. «Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын бақылауда ұстайды.

Ремонт внутрипоселковых дорог в селе Кишкенеколь

В Кишкенекольском сельском округе проводится ремонт внутрипоселковых дорог, направленный на улучшение транспортной инфраструктуры и создание комфортных условий для жителей.Аким Кишкенекольского сельского округа Амангельды Толегенович Койшыбаев ознакомился с ходом выполнения ремонтных работ на улицах села. В ходе объезда были осмотрены ремонтируемые участки, обсуждены качество выполняемых работ и дальнейшие этапы реализации проекта.Выполнен текущий ремонт дорожного покрытия по улице Бижанова протяженностью 1,1 км и по улице Сыздыкова протяженностью 0,7 км. Также выполнено профилирование гравийных дорог села.В ближайшее время планируется проведение работ по подсыпке улиц С. Муканова, Н. Балтабаева и Н. Жунусова.Работы проводятся с учетом обращений и предложений жителей села. КГУ «Аппарат акима Кишкенекольского сельского округа» осуществляет контроль за качественным и своевременным выполнением ремонтных работ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ualikhanov-kishkenekol/press/news/details/1262596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді