ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ САЛАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (бұдан әрі – ҚЭК) зауыттарын салу бойынша инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – ИТК) жасалды. Аталған ИТК аясында көрсетілген қалалар үшін электр энергиясына 1 кВт/сағ үшін 55 теңге мөлшерінде тариф белгіленді.

ҚЭК тетігін енгізудің негізгі мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ұлғайту, қалдықтарды көму полигондарына түсетін қалдықтар көлемін қысқарту, қалдықтарды кәдеге жарату саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және соның нәтижесінде қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.

Бүгінгі таңда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары Еуропа елдерінде, Корея Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Жапонияда және басқа да мемлекеттерде табысты іске асырылып келеді.

Қазақстан Республикасында іске асырылатын жобалар Еуропалық Одақтың өнеркәсіптік шығарындылар туралы директивасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта облыс орталықтарында әлеуетті инвесторлармен жоғарыда көрсетілген шарттарға ұқсас негізде инвестициялар туралы тікелей келісімдер жасасу мәселесі қарастырылуда.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыруға ниетті және дайын мүдделі инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екенін білдіреді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1262637?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді