Шымкентте қоғамдық көліктің үздік жүргізушілері марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен Патрульдік полиция полкінің басшылығы қоғамдық көлік жүргізушілерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында бір жыл бойы Жол қозғалысы қағидаларын бұзбай, үлгілі тәртіп көрсеткен жүргізушілерге ерекше құрмет көрсетілді. Олардың жауапкершілігі, кәсіби шеберлігі және өз міндетіне адал көзқарасы жоғары бағаланды.

Үздік жүргізушілерге Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасарының атынан Алғыс хаттар табысталып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Мұндай марапаттар жүргізушілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, Жол қозғалысы қағидаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауға және кәсіби қызметке деген ынтасын нығайтуға ықпал етеді.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің тәртібі мен мәдениетінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1262708?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді