
🔷 Шымкент қаласында 2026 жылдың алғашқы легі бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға арналған business.enbek.kz порталы арқылы 435 өтінім қабылданды.
🔷 Грантқа үміткерлер өз бизнес-жобаларын комиссия алдында қорғады. Бағалау барысында комиссия мүшелері жобалардың өміршеңдігіне, нарықтағы сұранысына, үміткерлердің осы саладағы тәжірибесіне және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігіне басымдық берді.
🔷 Комиссия құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары, сондай-ақ, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары енді.
🔷 Комиссия шешімімен 105 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант тағайындалды. Қазіргі таңда грант иегерлерімен Еңбек мобильділігі орталығы арасында келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде.
🔷 Биыл мемлекеттік грант көлемі 400 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) немесе 1 730 000 теңгені құрайды.
🔷 Мемлекеттік қолдауға ие болған азаматтардың әлеуметтік санаттары төмендегідей:
🔷Көп балалы отбасылар – 50 адам;
🔷Еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар – 34 адам;
🔷 Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған адамдар – 14 адам;
🔷Асыраушысынан айырылғандар – 7 адам.
🔷 Грант иегерлерінің бизнес-жобалары әртүрлі саланы қамтиды. Оның ішінде қызмет көрсету саласы – 31 жоба, өндіріс саласы – 20 жоба, кондитерлік және нан өнімдерін өндіру – 19 жоба, мал және құс шаруашылығы – 10 жоба, тігін өндірісі – 10 жоба, жартылай фабрикат өнімдерін шығару – 9 жоба, жиһаз өндірісі – 2 жоба және басқа да бағыттар бойынша 4 жоба қолдау тапты.
🔷 Айта кетсек, мемлекеттік гранттар әлеуметтік әлсіз топтарға жататын жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдегі шағын бизнестің дамуына серпін беруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1262752?lang=ru

Жауап қалдыру