OPEN AIR форматында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуы аясында Талдықорған қаласының Арбат алаңында OPEN AIR форматындағы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мен “Jetisu jastary” КММ өкілдері қатысып, халық арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды бірлесіп жүзеге асырды. Ашық алаңда өткен іс-шара тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге мүмкіндік берді. Іс-шара барысында тәуекел дәрежесі жоғары нысаналы топтардың өкілдерімен, атап айтқанда жастармен, қала тұрғындарымен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен, жұмыссыздармен, еңбек ұжымдарының өкілдерімен, еңбек мигранттарымен, әлеуметтік осал санаттағы азаматтармен және қандастармен тікелей ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді. Сонымен қатар азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптары мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде түсіндірмелер беріліп, профилактикалық және ақпараттық материалдар таратылды. Аталған іс-шара тұрғындармен ашық әрі тиімді диалог орнатуға, қоғамда құқықтық және діни сауаттылық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың ақпараттық иммунитетін күшейтуге және экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға оң ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1262816?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді