
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен полковник Тілеуберді Серікбайұлы Мәдиев Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы Департамент бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2009 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2022 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында 2005 жылғы тамыздан бастап қызмет атқарып келеді. Қызмет өткерген жылдарында қарауыл бастығынан аумақтық бөлімше басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті. Аумақтық және орталық деңгейлерде айтарлықтай практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменттерінде, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында, ТЖМ орталық аппаратында қызмет атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1262814?lang=ru

Жауап қалдыру