
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинарда 150-ге жуық республикалық 200-ге жуық өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/52 қаулысымен бекітілген сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары аясында өткізілді.Семинарды ашқан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Шавхат Өтемісов бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ азаматтарды сайлау науқанының барысы туралы объективті, жедел әрі жан-жақты ақпараттандырудағы маңызды рөлін атап өтті.Семинар барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманакумов Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізудің ерекшеліктері, сондай-ақ сайлау науқанының негізгі кезеңдері туралы баяндады.
Өз кезегінде ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік сайлауды ақпараттық қамтамасыз етудің ерекшеліктері, сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ сайлау комиссиялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының құқықтық аспектілері туралы баяндады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Михаил Комиссаров сайлау кезеңінде ақпараттық және үгіт-насихат жұмысын жүргізудің ерекшеліктері мен практикалық аспектілері жөнінде баяндама жасады.
Семинар соңында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен шақырылған сарапшылар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Аталған семинар Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды әзірлеу және өткізу кезеңінде сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқыту бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1262806?lang=ru

Жауап қалдыру