НӨЛДІК САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: БІЛУІҢІЗ ҚАЖЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінде (СӘАЖ) нөлдік салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру сервисі іске асырылған.

 Сервис қалай жұмыс істейді?

Жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушілер алдын ала ұсынуды жоспарлаған салық есептілігінің нысандарын (СЕН) көрсетуі қажет.
Егер салық есептілігі белгіленген мерзімде ұсынылмаса, жүйе бұрын көрсетілген мәліметтердің негізінде нөлдік салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырады.

 Назар аударыңыз!

Егер есепті кезеңде салық салу объектілері немесе салық есептілігінде көрсетілуге тиіс мәліметтер болса, міндетті түрде қосымша салық есептілігін ұсыну қажет. Себебі осы уақытқа дейін жүйе бастапқы нөлдік салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырып қоюы мүмкін.

 Сервисті пайдалану тәртібі

  Салық төлеушінің кабинетіне кіріңіз;
 «Ұсынылатын СЕН» бөліміне өтіңіз;
 «Қосу» батырмасын басып, қажетті нысанды таңдаңыз;
  Міндетті жолдарды толтырыңыз;
  Мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.

 Таңдалған нысанға байланысты жүйе есепті жылды, тоқсанды, шарттың нөмірін немесе мемлекеттік кірістер органының кодын сұратуы мүмкін.

 Қызмет түрі өзгерген жағдайда, салық есептілігін ұсыну мерзімі басталғанға дейін «Ұсынылатын СЕН» тізбесін уақтылы жаңартуды ұмытпаңыз.

 Бұл сервис нөлдік салық есептілігін уақытылы қалыптастыруға және салық міндеттемелерін тиісінше орындауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1262721?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді