
2026 жылғы 23 шілде күні Қапал ауылдық округі әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен округ тұрғындары арасында сібір жарасының алдын алу, оның таралуына жол бермеу және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға сібір жарасының адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру екені, оның жұғу жолдары, алғашқы белгілері, алдын алу шаралары, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға:
-
ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы ветеринариялық тексеруден өткізу және вакцинациялау;
-
ауру немесе өлексесі табылған малды өз бетінше союға және оның өнімдерін пайдалануға жол бермеу;
-
мал өлексесі анықталған жағдайда бұл туралы дереу ветеринариялық мамандарға хабарлау;
-
ет пен мал шаруашылығы өнімдерін тек ветеринариялық бақылаудан өткен сауда орындарынан ғана сатып алу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, тұрғындардың денсаулығын қорғауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1262669?lang=ru

Жауап қалдыру