АУДАН ӘКІМІ АҚҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ АУЫЛ ШАРУАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов жұмыс сапарымен Аққұдық ауылдық округінде болып, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың барысымен танысты.

Аудан басшысы округ аумағындағы мал азығын дайындау жұмыстары мен егістік алқаптарының жай-күйін көріп, шаруашылық басшыларымен кездесіп, биылғы маусымның ерекшеліктері мен алдағы жоспарларды талқылады.

Атап айтқанда, «Ерсултан» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруашылық басшысы – Зорбаев Ерлан. Қожалықтың негізгі бағыты – мал және егін шаруашылығы. Шаруашылықта 700 бас ірі қара және 1600 бас ұсақ мал тіркелген. Қазіргі таңда мал азығын дайындау жұмыстары жүргізіліп, егістік алқаптарында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Светлана» шаруа қожалығында болып, мал азығын дайындау барысын бақылады. Шаруашылық басшысы – Вараксин Алексей. Қожалықта 130 бас ірі қара тіркелген.

Аудан әкімі шаруаларға мал азығын дайындау жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізудің, сондай-ақ егістік алқаптарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан шаруалардың еңбегін қолдау, өндіріс көлемін арттыру және ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1262664?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді