
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер қатынастары, жайылым, инженерлік инфрақұрылым және әлеуметтік мәселелер бойынша өздерін толғандырған сауалдарын жеткізді. Атап айтқанда, Абай ауылынан келген азамат тұрғын үй кезегіне қатысты өтініш білдірсе, Бірлесу ауылынан келген тұрғын жайылым жер мәселесін көтерді. Сондай-ақ қабылдауда инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, коммуналдық қызмет көрсету сапасы және өзге де әлеуметтік сипаттағы мәселелер қозғалды.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір көтерілген мәселе заң талаптарына сәйкес қаралатынын айтып, тұрғындардың өтініштері жауапты сала басшыларымен жан-жақты зерделеніп, мүмкіндігінше оң шешімін табуы үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
— Халықпен ашық әрі тұрақты байланыс орнату – біздің басты міндетіміз. Әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмайды. Заң аясында шешілуі мүмкін барлық мәселе жауапты бөлімдермен мұқият қаралып, нақты жұмыстар атқарылады. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – ортақ мақсатымыз, – деді Жәнібек Ағыбаев.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1262351?lang=ru

Жауап қалдыру