Каратэ: Қос отандасымыз Жапониядағы беделді турнирде сәтті өнер көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жапония астанасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді «Чемпиондардың чемпионы TOP-9» халықаралық жарысында Қазақстан командасы 2 медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, ерлер арасында Анджей Кинзерский барлық қарсыласынан айласын асырып, алтыннан алқа тақты. Жартылай финалда ол Энтас Хаускастан (Литва) 5-0 есебімен басым түсті. Финалда Анджей тағы бір отандасымыз Антон Зимаревпен күш сынасты. Антон Паулюс Зимантасты ұтып, шешуші жекпе-жекке жолдама алған.

Атап өтерлігі, биыл жарыс барысында алғаш рет екі шетелдік спортшы ақтық сынға шығып отыр. Нәтижесінде Анджей бас жүлде 10 миллион жапон иеніне, ал Антон 2 миллион иенге ие болды.
Жалпы турнир ерлер арасында әлемнің таңдаулы 9, әйелдер арасында 8 үздік татами шеберінің басын қосты.

Еске сала кетейік, Анджей Кинзерский былтыр жалпы ұлттық  Жапония чемпионатында топ жарып, мұндай көрсеткіш тіркеген тұңғыш шетелдік спортшы атанған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1262878?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді