
Түркістан қаласының Отырар секторындағы балалар ойын және спорт алаңшасына жасанды газон төселді. Кеше қала әкіміне тұрғындар тарапынан ойын алаңшасын жаңарту жөнінде айтылған өтініш бір күн ішінде орындалып, бүгін балалар жаңарған футбол алаңында еркін ойнап жүр.
Аталған жұмыстарды «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері жүзеге асырды. Мекеме тарапынан балалар ойын және спорт алаңшаларын күтіп-ұстау, жөндеу, қайта қалпына келтіру және жасанды газон төсеу жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Қала аумағында жалпы 211 балалар ойын және спорт алаңшасы бар. Оның ішінде Түркістан қаласы әкімінің қаулысына сәйкес 127 алаңшаны күтіп-ұстау және қалпына келтіру жұмыстары «Жасыл Түркістан» КММ-не жүктелген.
Айта кетейік, барлық алаңшаны бір мезетте толық жаңарту мүмкін болмағандықтан, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қала әкімдігі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада демалуына жағдай жасау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1262889?lang=kk

Жауап қалдыру