Жылжымайтын мүлікті сату. Не өзгерді?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу жөніндегі міндеттемелерді айқындау кезінде ескерілетін жылжымайтын мүлікке меншік құқығында иеленудің ең төменгі мерзімі өзгергенін еске саламыз.

Егер жылжымайтын мүлік 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алынған болса, меншік құқығында иеленудің ең төменгі мерзімі 2 жылды құрайды. Көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін мұндай мүлік сатылған жағдайда және өткізу бағасы сатып алу құнынан жоғары болса, жеке тұлғада құн өсімінен жеке табыс салығын төлеу міндеттемесі туындайды.

Назарларыңызға саламыз, салық мүлікті сатудың толық сомасынан емес, тек сатып алу құны мен өткізу құны арасындағы оң айырмадан есептеледі.

Салық міндеттемелерін бұзуға жол бермеу үшін жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді жоспарлау барысында салық заңнамасының қолданыстағы нормаларын ескеруді ұсынамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1262979?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді