Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының қызметкерлері үшін «Құмар ойындарға тәуелділіктің (лудоманияның) алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының қызметкерлері үшін «Құмар ойындарға тәуелділіктің (лудоманияның) алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізілді

Іс-шара Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, адалдық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға бағытталды.

Семинарға ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті басқармасының басшысы Әбдел Балтатегі қатысып, қатысушыларды лудоманияға қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті ахуалмен, оның туындау себептерімен, әлеуметтік салдарымен және осы құбылыстың алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің өз мінез-құлқымен қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға, жоғары әдеп пен адалдық стандарттарын ұстануға, сондай-ақ мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеуге міндетті екендігі еске салынды.

Осыған байланысты заңнамада мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруына және құмар ойындарға қатысуына тікелей тыйым салынғаны атап өтілді. Сонымен қатар қызметкерлерге қолданыстағы құқықтық шектеулер мен белгіленген талаптарды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Осындай іс-шараларды өткізу Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1263043?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді