
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 23 шілде күні тұрақты оқырмандармен Президенттің жолдауы «Цифрлы Қазақстан» «Цифрландыру дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер» атты ақпарат сағат өтті. Іс- шара барысында Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру басты міндет ретінде белгіленгендігі, қандай мүмкіндіктерге қол жеткізе алатындығы туралы ақпарат берілді. Оқырмандар сұрақ- жауап арқылы өз ойларын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1263048?lang=ru

Жауап қалдыру