Боччадан үздіктер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында өтіп жатқан «Жастар – Заң мен тәртіп үшін!» облыстық спорт фестивалі аясында Ж. Үшкемпіров атындағы №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында боччадан турнир ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Жарыс барысында қатысушылар дәлдік пен төзімділікті, жоғары спорттық шеберлікті көрсетіп, тартысты ойын өрнегін паш етті. Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аталған жарыс инклюзивті спортты дамытуға, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың спортпен тұрақты айналысуына қолдау көрсетуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1263094?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді