
«Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді Бақалы ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрғын үйлерді аралау арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акция барысында ауыл тұрғындарына есірткі заттарының зияны, оның адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға және заң талаптарын сақтауға шақыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-bakaly/press/news/details/1263196?lang=ru

Жауап қалдыру