
Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева азаматтарды қабылдады. Тимирязев ауданының Степная орта мектебінің директоры Светлана Алексеевна Горошко шағын орталықты лицензиялау туралы сұрақпен жүгінді.
Департамент басшысы өтініш берушіні алдағы лицензиялау жұмыстары туралы, қандай нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгені, қызмет қалай көрсетілетіні туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 47 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықта көрсетілген біліктілік талаптары туралы толығырақ айтып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1263236?lang=ru

Жауап қалдыру