
Шымкент қаласының Әділет департаменті «Toyota» және «Lexus» тауар белгілері құқық иеленушілерінің ресми өкілінің өтініші негізінде мотор майын ауыстыру пункттерінің бірінде жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында аталған тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі анықталды.
Атап айтқанда, контрафактілік өнімді сақтау, сатуға ұсыну және өткізу фактілері белгіленді.
Бақылау іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан құқық иеленушілердің тауар белгілері заңсыз қолданылған контрафактілік мотор майының 615 құтысы тәркіленді.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс материалдары қарау және процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына тосқауыл қою әділет органдарының тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1263238?lang=ru

Жауап қалдыру