
Алматы облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда «жолды тарылту» әдісімен профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Аталған әдіс жол қозғалысына қатысушылардың назарын күшейтіп, жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға ынталандырады. Әсіресе, апаттылық деңгейі жоғары жол учаскелерінде қолданылатын бұл тәсіл жүргізушілердің жылдамдықты дер кезінде төмендетуіне ықпал етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Полицейлер профилактикалық жұмыстар барысында жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз арақашықтықты сақтау және рөлде отырғанда барынша мұқият болу қажеттігін түсіндіруде.
Алматы облысының полициясы жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін еске салады. Бір сәттік немқұрайлылық пен асығыстық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Патрульдік полиция қызметінің басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, ең алдымен адам өмірі мен денсаулығын қорғау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Заң мен Тәртіп қағидаты аясында полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Әрбір сапар қауіпсіз болып, баршаңыз аман-есен межелі жерге жетіңіздер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1263264?lang=ru

Жауап қалдыру