
2026 жылғы 23 шілдеде Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жаңа заңнамалық нормаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасарлары С. Әлібаева мен М. Мұхаметрахимов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б. Кенжеқұлов және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е. Жылысбаевқатысты.
Кездесу барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, қызмет сапасын арттыру, қызмет алушылардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар мен жемқорлықтың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, заңнаманы іс жүзінде қолдану және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұйымдастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1263337?lang=ru

Жауап қалдыру