
2026 жылғы 24 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының м.а. А.В. Трикачевтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста 2025 жыл және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың жеке адамға қарсы қылмыстардың алдын алу бағытында қабылдап жатқан шараларының тиімділігі қаралды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірде жалпы қылмыс деңгейінің, оның ішінде жеке адамға қарсы қылмыстардың төмендеу үрдісі байқалатыны атап өтілді. Сонымен қатар жүргізілген талдау профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдірудің, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырудың және осы санаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетті.
Қайталама қылмыстың алдын алу, алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ қауіп-қатер тобына жататын адамдармен атаулы жұмысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қылмыстардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды уақтылы анықтаудың және оларды жоюға бағытталған кешенді шараларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс барысында құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту, бұрын құқық бұзушылық жасаған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру жұмыстарының тиімділігін арттыру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Қарау қорытындысы бойынша облыс прокурорының м.а. профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіруге, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді күшейтуге, жеке адамға қарсы қылмыстардың алдын алу жөніндегі қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Қабылданған шешімдердің орындалуы және жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1263367?lang=ru

Жауап қалдыру