Есірткіге қарсы күрес: күдіктіні ұстау кезіндегі алғашқы әрекеттер туралы қалалық ПБ анықтау бөлімі түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Есірткі қылмыстарының алдын алу және олардың жолын кесу – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасауға күдікті тұлғаларды ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің әрбір әрекеті заң талаптарына сәйкес, кәсіби деңгейде және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.

Күдіктіні ұстау барысында ең алдымен полиция қызметкерлері өздерінің және айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Одан кейін күдіктіге полиция қызметкері екені таныстырылып, ұстау себебі түсіндіріледі. Егер тұлға қарсылық көрсетсе немесе қашуға әрекет жасаса, заңда белгіленген тәртіппен арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.

Ұстаудан кейін күдіктінің жеке басы анықталып, оның жанындағы заттар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес тексеріледі. Есірткі заттарына ұқсас заттар анықталған жағдайда, олар процессуалдық тәртіппен тәркіленіп, тиісті сараптамаға жолданады.

Бұл туралы Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы Анықтау бөлімінің анықтаушысы патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында кеңінен айтып берді.

Полиция азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген ақпаратты жасырмай, құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

https://www.instagram.com/reel/DbJNb6-N2_d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1263517?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді