
Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушыларымен кездесу өтті
2026 жылғы 24 шілде күні Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) миссиясы атынан жіберілген ұзақ мерзімді байқаушылар Викен Тонже Мерит (Viken Tonje Merete) (Норвегия), Бедрицкий Александр (Ресей Федерациясы және аудармашы Тасина Заринаны қабылдады.
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысымен таныстыру, қалада атқарылып жатқан ұйымдастыру жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат алмасты, сондай-ақ халықаралық байқаушылардың сайлау процесін бақылауға қатысты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Уәлихан Байдуанов қаладағы сайлау науқанына дайындық жұмыстарының негізгі бағыттарына тоқталды. Ол аумақтық сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыру, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Кездесу барысында халықаралық байқаушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген жаңашылдықтарға қатысты сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1263535?lang=ru

Жауап қалдыру