Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ZOOM платформасында Facebook желісіндегі параллель онлайн-трансляциямен қашықтық форматында өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың жаңа редакциядағы қағидаларын бекіту болды.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д. Алматов түсіндіргендей, жаңа редакцияның қажеттілігі Қағидаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіруге және азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіруге байланысты туындады. Құжат алушылардың санаттарын, төлемдер тәртібін нақтылайды, сондай-ақ көмек көрсету процесін толықтай цифрландырады.

       Қағидалардың жаңа редакциясына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан қосымша енгізілді. Осы негіз бойынша Қазақстандағы 1986 жылғы 17–18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысушылар арасынан заңнамада белгіленген тәртіппен ақталған саяси репрессия құрбандарына 200 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

        Сонымен қатар мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің жекелеген түрлері нақтыланды. Жіктеп айтқанда, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар мүгедектігі бар тұлғаларға тұрақты елді мекенінен тыс жерде оңалтудан өту кезінде жол жүру шығындарын тоқсан сайын 3 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде өтеу көзделген.

        Негізгі өзгерістердің бірі аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу болып табылады. Тұрақты шектен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардан шыққан тұлғалар үшін әлеуметтік көмек мөлшері 7-ден (30 275 теңге) 15 (64 875 теңге) айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды.

       Осы Қағидалар шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 2026 жылы жергілікті бюджет қаражаты қарастырылған. Қаржыландыру бекітілген бюджеттік қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.

       Шешім мәслихат депутаттарының бірауыздан қабылдаған шешімімен бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk/press/news/details/1263475?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді