
Құлжа тас жолының бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі.
24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде 08:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауды сұраймыз.
Жөнделетін учаскеде мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар ескерту белгілері мен тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервисінде жарияланып отырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1263617?lang=ru

Жауап қалдыру